Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасымның тыныштығы үшін": Екатерина Жолбарыс күйеуімен келіспей қалатын сәттер туралы айтты

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринамен
Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринамен. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, күйеуі шынайы өмірде қандай адам екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екатерина Жолбарыс жұлдызды жолдасының қандай адам екенін айтып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Ол Сейфуллин Жолбарысты ақкөңіл әрі жомарт азамат ретінде сипаттады.

Сондай-ақ әншінің келіншегі отбасылық өмірдегі келіспеушіліктер жайлы сөз қозғап, оларды қалай шешетінін айтты.

"Сейфуллин сахнада қандай өмірде де дәл сондай десем болады. Ол жүрегі кең, кешірімді, әркез жақындарын ойлайтын қамқоршы, өте жақсы адам. Отбасы болған соң түрлі жағдайлар болады. Келіспей қалатын кездеріміз де болады. Ондай кезде көбіне мен басыла қоямын. Өнер адамдары тез ашуланғыш болып келеді ғой. Бір атылып алады да, артынан барып қана өзінікі дұрыс болмағанын түсінеді. Мен көбіне үндемей саламын. Менің де мінезім, даусым бар. Бірақ мен оны отбасымның тыныштығы үшін басып қоямын. Оның үстіне қыздарымыз өте сезімтал. Олар рентген секілді көңіл-күйімізді бірден байқап қояды. Сол себепті оларға барынша түк білдірмеуге тырысамын.

Сейфуллинге дейін украин және орыс жігітпен сөйлескенмін. Бірақ олармен түк шықпады. Сейфуллин менің тағдырым шығар. Ештеңеге өкінбеймін. Сейфуллин айтқанынан қайтпайтын азамат қой. Ақыры өзіне қаратты ғой. Сейфуллин маған бәрін бере салады. "Қалағаныңды ал, қалауыңша жарата бер" дейді. Бірақ біздің отбасымызда ондай қымбат сыйлық беру деген үрдіс жоқ. Біз қарапайымдылықты ұстанамыз", - деді Екатерина "Менің өмірім" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051895-otbasymnyn-tynystygy-usin-ekaterina-zolbarys-kuieuimen-kelispei-qalatyn-satter-turaly-aitty/

pixel