Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3-4 млн теңге ұсынды": Жұлдызай Дүйсенбиева төсек сахнасы бар фильмнен бас тартқанын айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева "Ниет" бағдарламасында
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram/zhuldizay_duisenbieva

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ашық образы мен балағат сөзі бар фильмге жоғары гонорар ұсынса да, түспейтінін айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында 4 млн теңге бермек болған фильм түсірілімінен де төсек сахнасы болғаны үшін бас тартқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ішінде балағаты бар фильм көпшілікке өтеді. Мен ештеңе дей алмаймын. Күндердің күнінде бұл да орнына келер. Қайтесің енді? Өзім мұндай фильм түсірмеймін. Жоғары гонорар ұсынса да, түспеймін.

Қымбат гонорар беріп, кезінде фильм ұсынған. Бірақ ішінде төсекке байланысты сахнасы бар екен. "Сіз түспейсіз. Екінші дублер түседі. Сіз тек халат киіп шығасыз" деген. Мен оны кімге түсіндіремін? Әр адамға "Мен тек халат киіп шықтым" деп қалай айтамын? Оның үстіне оңтүстіктің қызымын. Мен ондай фильмге түспеймін. Ол фильмді ұсынғанына 12 жыл болып қалды. Ол кезде 3-4 млн теңге деген үлкен ақша болатын", - деп еске алды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, осыған дейін актриса күйеуіне қатысты ел арасында тараған қауесетке жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051919-3-4-mln-tenge-usyndy-zuldyzai-duisenbieva-asyq-obrazy-bar-filmnen-bas-tartqanyn-aitty/

pixel