Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шотты төлеуге таласқан отандық актерлар бір-бірін "соққыға" жықты (видео)

Опубликовано:

Отандық актерлар төбелесуде
Отандық актерлар төбелесуде. Видеодан кадр: Instagram/sanjar.madi

Әлеуметтік желіде мейрамханада отырған қазақстандық актерлардың видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иелері шотты төлеу үшін таласып, артынан бір-бірін "соққыға" жыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде тарап кеткен видеоны актер Санжар Мәди жариялаған болатын. Бейнежазбада одан басқа Берік Айтжанов, Асан Мәжіт және Жайдарбек Күнғожинов бой көрсетті.

Отандық актерлар мейрамханада отырған кезде шотты төлеу үшін таласып қалған. Видеодан әртістердің шотты кім төлейтінін келісе алмай, бір-біріне жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Алайда соңында шотты аңыз актер Асанәлі Әшімов келіп төлеп тастаған.

Айта кетейік, аталмыш видео Қытайдың Хайнань аралдарында түсірілген.

Қазақстандық актерлардың әзіл ретінде түсірілген бейнежазбасы желіде қызу талқыға түскен. Оқырмандар олардың актерлік шеберлігіне тәнті болып, өз пікірін білдіруде.

"Құдды бір фильм көргендей болдым", "Мықты түсіріліпті", "Нағыз шедевр, ең қымбат вайн болыпты", "Актерлік құрамды айта алмаймын", "Керемет шығыпты. Кімнің идеясы екен?", "Жоғары сападағы вайн. Қалғандарың бұдан кейін видео түсіруді доғара берсеңдер болады", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2051922-sotty-toleuge-talasqan-otandyq-akterlar-bir-birin-soqqyga-zyqty-video/

pixel