Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дуалап алған ба": Байзақова ұлынан гөрі күйеуін қаттырақ жақсы көретінін айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова отбасылық өміріне қатысты пікір білдіріп, көпшілікті таңғалдырды. Желі жұлдызы бүгінде күйеуі Арыстан Нұрбектен артық ешкімді жақсы көрмейтінін айтты. Ол тіпті кішкентай ұлына деген махаббаты отағасына сияқты емес екенін мойындады, деп жазады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram парақшасында жолдасына деген сезімін білдіріп, ол қасында жоқ кезде қандай күй кешетінін көрсетті.

Жолдасынсыз өмірін елестете алмайтын блогер ару желіде бірден талқыға түсті. Оқырмандардың бірі күйеуі оны дуалап алған деп ойлап қалған.

"Ол мені дуалап алған секілді. Анам мен інім де "Айжан күйеуін бәрінен де қатты жақсы көреді" деп айтып, ренжіп жатады. Меніңше, бұл дұрыс. Нұрбек те менен кімді (оны әлде баласы Асадулланы) қаттырақ жақсы көретінімді сұрады. Мен "әрине, сені" деп жауап беремін", - деді желі жұлдызы.

Байзақова не себепті ұлынан гөрі күйеуін қатты жақсы көретінін түсіндіруге тырысты.

"Күйеуім болашақта басқа әйелге кетіп қалмайды ғой. Балаларым болса түбі өз отбасына кетеді", - деді актриса.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052040-dualap-algan-ba-baizaqova-ulynan-gori-kuieuin-qattyraq-zaqsy-koretinin-aitty/

pixel