Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазандағы жайттан соң денсаулығым түзелмеді": Әли Оқапов қатты сырқаттанып қалғанын айтты

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Instagram/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов денсаулығы тағы да сыр бергенін айтты. Өнер иесі қазан айында орын алған жағдайдан кейін денсаулығы түзелмей, жиі ауырып қалып жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов денсаулығы туралы Instagram парақшасында оқырмандарына айтты. Эстрада жұлдызы бүгінде дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді алып, барынша емделуге тырысып жатыр екен.

Ол қазан айында болған даулы мәселеден кейін денсаулығы әлі де түзелмей жатқанын алға тартты.

"Иммунитетім әлсіреп тұр. Соның кесірінен сырқаттанып қалдым. Алайда дәл қазір ауыратын уақыт емес. Жақындарыңызға қарап, денсаулықты күтіңіздер! Ауырып қалсаң өте қымбатқа емделесің. Үш дәріханаға барып, дәрігер тағайындаған дәрілерді таптым. Негізі мен жүйкем сыр беріп, содан ауырып бастадым. Қазан айында болған маған қатысты оқиғадан кейін денсаулығым түзелмей тұр. Сол кезде қатты ауырып жатып қалғанымда отбасым мені Таиландқа алып барды. Ол жақта өзіммен жұмыс істеп, оңалғандай болдым. Бірақ бірінші күні өзімді нашар сезіндім. Жағдайым күрт нашарлап кетті", – деді өнер иесі. 

Әли Оқаповтың Stories-i
Әли Оқаповтың Stories-i.Скриншот: Instagram/aliokapov

"Шетелден жақсы демалып, елге келгенде бірден жұмысқа кірісіп кеттім. Концерттерге қатысу, түсірілім, жобалардың бәріне қатыстым. Бірақ желтоқсан айының ортасына дейін ғана денсаулығым шыдады. Жұмыс пен емхананың ортасында жүрдім. Ештеңе жоспарлағаныңдай болмайды екен. Денсаулыққа салғырт қарамау керек екен. Адамдар денсаулығына шағымданып жататыны ұнамайды. Мен де шағымданып отырғаным жоқ. Шүкір, жұмысым бар. Жаратушыға мың алғыс сол үшін. Әрбір концертімде адамдардың қолдауына куә болып жүрмін. Бірақ әр дәріханада 30 мың қалдырып кететініме ішім күйеді. Ауырмаңыздар", - деп жазды Әли.

Әли Оқаповтың Stories-i
Әли Оқаповтың Stories-i.Скриншот: Instagram/aliokapov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052114-qazan-aiyndagy-zagdaidan-keiin-densaulygym-tuzelmedi-ali-oqapov-qatty-syrqattanyp-qalganyn-aitty/

pixel