Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүмкін тоқал болып қаламын": Актриса Әсел Асқар жеке өміріне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әсел Асқар сұхбат беруде
Әсел Асқар. Скриншот: youtube/DinaraSatzhan

Отандық танымал блогер әрі актриса Әсел Асқар жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Екі мәрте тұрмыста болған өнер иесі болашақ сүйіктісі жайлы сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Олардың бірі актрисаның жеке өмірі жайлы білгісі келіп, бұрынғы күйеуіне қатысты сауал жолдаған. Өнер иесі жолдасымен айырылысып кеткенін айтып, қазіргі уақытта басы бос екенін жеткізді.

Оған қоса Әсел Асқар болашақ сүйіктісі жайлы сөз қозғап, ел күтпеген мәлімдеме жасады. Актриса таңдауы отбасылы азаматқа түсіп, өзі тоқал болып қалуы мүмкін екенін айтып қалды.

"Күйеуіммен баяғыда айырылысып кеткенмін. Менің екі күйеуім болған. Қазір басым бос. Жаңасы пайда болғанда міндетті түрде сіздерге хабар беремін. Бірақ оны көрсетемін деп уәде бере алмаймын. Алайда ол туралы міндетті түрде айтып беремін. Қазір білмей тұрмын. Мүмкін ол отбасылы болып қалса, мен тоқал болып қалуым мүмкін. Қысқасы, әзірге білмеймін", - деп жауап берді актриса.

Әсел Асқардың Stories-i
Әсел Асқардың Stories-i. Скриншот: Instagram/assel.askar

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052130-mumkin-toqal-bolyp-qalamyn-aktrisa-asel-asqar-zeke-omirine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel