Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мейрамбек жар таңдаудан еш қателеспеген": Бесбаев пен әйелінің видеосы елді сүйсіндірді

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Мейрамбек Бесбаев әйелімен. Видеодан кадр: Instagram/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев желіде келіншегімен түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Өнер иесі Instagram парақшасында ерекше отбасылық видео жариялап, оқырмандарын бір қуантты. Бейнежазбадан әнші мен жұбайының бір-бірін екі түрлі ракурстан түсіріп тұрғанын көруге болады.

Оған қоса әртістің келіншегі видео астында ерлі-зайыптының арасындағы махаббат жайлы жазба жариялаған.

"Егер ерлі – зайыпты бір-біріне асқан сүйіспеншілікпен қараса, Алла тағала да оларға ерекше мейірім төгеді. Егер күйеуі әйелінің қолынан ұстаса, олардың күнәлары саусақтарының арасынан түсіп қалмақ". Алла қосқан қосағымызбен Фирдаус жәннатының төрінен орын берсін! Әумин", - деп жазды Мархаббат Бесбаева.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.

"Бақыттарыңыз баянды болсын", "Нағыз үлгі тұтар жұп", "Өте жарасымды жұп. Ғұмырлы болыңдар", "Әлі де махаббат көзімен қарайды. Махаббаттарыңыз мәңгі болғай", "Сіздерге қарап тамсанамыз", "Сізге қарағандағы сүйіспеншілікке толы көздері өзгермесін, ағамыздың", "Көздері махаббатқа толы", "Мейрамбек жар таңдаудан еш қателеспеген", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052144-meirambek-zar-tandaudan-es-qatelespegen-besbaev-pen-aielinin-videosy-eldi-suisindirdi/

pixel