Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белің жоқ": Мақпал Жүнісова өзін сынаған көпшілікке жауап берді (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова желіде дене сымбатын сынға алған оқырмандарына жауап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті, халайық! Маған "Тамақ жеме!", "Белің жоқ" деп жазып жатыр. Менде неге бел жоқ? Негізі қылдаймын. Арықпын. Мақпалда бел жоқ дегендерге жауап: белім бар. Міндетті түрде сіздерге шешініп көрсету керек пе? Тамақ жей берем онда", - деп күлді видеода Мақпал Жүнісова.

Видеода әншіге қолдау білдірген Мадина Сәдуақасова мен Тамара Асарды да байқауға болады.

"Достар, апайдың көйлегі oversize стилінде болғасын дұрыс түсінбей тұрсыздар. Белі шығып, көйлегі әдемі жарасып тұр", – деді видеода Мәдина Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052148-belin-zoq-maqpal-zunisova-ozin-artyq-salmagy-usin-synagan-kopsilikke-zauap-berdi/

pixel