Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңдайынан ұрған": отандық әуе компаниясы ұшақта бортсерікке агрессия көрсеткен танымал әнші туралы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Әнші
Әнші. Фото: pexels.com

FlyArystan әуекомпаниясы 18 желтоқсан күні ұшақ бортында жайсыз жайт туындағанын мәлімдеді. Әуе компаниясының Telegram арнасындағы жазбада қазақстандық әнші әрі актер бортсерікке күш көрсеткені жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әуе компаниясы Telegram-арнасында "Деструктивті жолаушылар – олар кімдер және ол жолаушыларды не күтіп тұр?" деген тақырыпта жазба жариялаған. Жазба мазмұнына сай, жуырда FlyArystan бортында жайсыз жайт орын алған.

"2023 жылғы 18 желтоқсанда FlyArystan жолаушысы - танымал медиа тұлға, әнші және актер әуекомпанияның бортсерігіне қатысты физикалық күш қолдану арқылы агрессия көрсетті. Жолаушы өзінің сырт киімінің багаж сөрелерінде мыжылып қалғанына наразылығын білдірді. Содан кейін бортсерік жолаушының сырт киімін қолжүктің үстіне қоюға көмектесу үшін қолжүк сөресінен шығарды, алайда жолаушы күртешесін тартып алып, бортсерікті маңдайынан ұрды. Салдарынан қызметкер физикалық соққыға жығылып, психо-эмоционалды ауыр күй кешті, сондай-ақ рейс 1 сағатқа кешігіп ұшты", - делінген әуекомпания мәлімдемесінде.

Жазбада бұл жолаушы полицияға тапсырылғаны да жазылған.

"Деструктивті жолаушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды және 440-бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Бортсерік жолаушыны жауапқа тарту мақсатында және заңды тергеу жүргізу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті. Әуекомпания өз қызметкеріне барынша психологиялық, медициналық және заңгерлік қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ тәртіп бұзған жолаушыны қара тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. Әуекомпания азаматтық ұстанымын көрсетіп, жапа шеккен қызды қолдауға және куәгер ретінде куәлік беруге келіскен жолаушыларға алғысын білдіреді", - деп жазды әуекомпаниясы өз парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052158-mandaiynan-urgan-otandyq-aue-kompaniyasy-usaqta-bortserikke-agressiya-korsetken-tanymal-ansi-turaly-malimdeme-zasady/

pixel