Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Айсәуле Бақытбек желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде жаңа фотосессиясын жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Желідегілер оның ерекше образына түрлі пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек елдің қызу талқысын тудырған суреттерін Instagram парақшасында жариялаған. Онда блогер арудың арқасы ашық көйлекпен еңкейіп тұрғанын көруге болады.

Аталмыш фотолар кейбір желі қолданушыларға ұнамай қалып, олар желі жұлдызын сынап тастаған.

"Бұл не суреттер енді?", "Еңкейіп тұрғаны бір түрлі екен. Ерсі көрінеді", "Бұл қызға не болған? Неге қисайып қалған", - деп жазуда оқырмандар.

Алайда желі қолданушылардың басым бөлігі Айсәуленің мінсіз мүсініне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.

"Екі баланың анасы деп кім айтады?", "Фигураны қалай сақтайсың?", "Бәрі орнымен, өте әдемісің", "Бір журналдың сыртында тұратын фото", "Нағыз модель, өте көріктісің", "Осы қызда барлығы үйлесімді. Дене сымбаты мен келбетінде бір мін жоқ", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052398-erekse-obrazdagy-aisaule-baqytbek-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel