Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дайын отырмын": ай-күні жетіп отырған Жорабаева перзентханаға дайындығын көрсетті

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде перзентханаға дайындығын көрсетті. Өнер иесі бүгінде бесінші сәбиіне аяғы ауыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ай-күні жетіп отырған әнші Instagram парақшасында оқырмандарымен байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты. Жорабаева бүгінде перзентханаға қажет заттардың барлығын алып, сәбиімен кездесуге дайын отырғанын жеткізді.

"Буып, түйіп дайын отырмын. Бөпеге қажетті заттың барлығын алып алдық. Інім мен келінім балама алғашқы сыйлығын да беріп қойды", - деді әртіс.

Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әншінің бірінші некеде туған төрт қызы бар.

Өнер иесі аяғы ауыр екенін хабарлағанымен, болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052442-daiyn-otyrmyn-ai-kuni-zaqyndap-qalgan-zorabaeva-perzentxanaga-daiyndygyn-korsetti/

pixel