Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ұлы болды": Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуімен қалай табысқанын айтты

Опубликовано:

Толқын Забирова күйеуімен
Толқын Забирова күйеуімен. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова алғаш рет 26 жыл отасқан жұбайымен қалай танысқанын айтты. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біраз жасқа дейін тұрмысқа шығамын деп ойламаппын. 27 жасқа дейін ойланбаппын. Бір күні түнгі сағат 23:45-те телефон шырылдады. "Түннің ортасында кім хабарласып жатыр?" деп қорқып, тұтқаны алдым. Тұтқаның арғы жағынан Сафардың дауысы шықты. "Сафар Бабаевпын" деген дауысты естіген кезде, шалқамнан түсе жаздадым. "Сафар Бабаевтың өзі маған хабарласып тұр ма?" деп не отырарымды, не тұрарымды білмей қалдым. Сөздің ашығын айту керек, ол уақытта Сафар Қазақконцерттің бастығы болып, қанша өнер адамдарымен жұмыс істеді. Халықтың жүрегінен орын алған көп өнерпаз Сафардың арқасында үлкен сахнаға келді.

"Ертең Атырау жаққа гастрольмен таңғы 08:00-де ұшуымыз керек. Уақытыңыз бар ма?" деп сұрады. Не айтарымды білмей, "Әрине, бар" дедім. Біз "Тамаша" театрымен бардық. Әртістер концерттен кейін кері ұшып кетуі керек еді. Бәрімізге билет табылмады. Мен қалдым және тағы бір адам қалуы керек. Сафар "Ешқандай жұмысым жоқ. Ұйымдастырушы ретінде өз мойыныма алуым керек" деп қалды. Сөйтіп, екеуіміз қалдық. Алла бізді әдейі "Асықпай әңгімелессін. Таныссын" деп отырғызып қойған шығар. Алматыға бес күн өткеннен кейін ғана келдік қой деймін", - деді Толқын Забирова.

Сонымен қатар Толқын Забирова күйеуінің бірінші отбасынан бір ұлы болғанын да ашып айтты.

"Туыстарым оған қарсы болған жоқ. "Қазақ болмағанымен, қазақ өнеріне үлес қосып отыр. Ол қазақ жерінде туған бала" деді. Күйеуім әке-шешесінен ерте айырылып, балалар үйінде өскен.

Ұзақ уақыт сәби сүйе алмай көп жыладым. Сафардың бірінші әйелінен бір ұлы бар. Сол кезде 13 жаста еді. Рустам үш жаста болғанда, олар ажырасқан. Ол баласын ешқашан қалдырған емес. Күйеуіме "Енді балалы болмасам, мені тастап кетесің бе?" дейтінмін. Күйеуім "Мен сені жақсы көремін ғой" дейтін", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Толқын Забирова мен күйеуі үш ұл тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052451-bir-uly-boldy-tolqyn-zabirova-kuieuimen-qalai-tabysqanyn-aitty/

pixel