Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге рұқсат бермеген": Мөлдір Әуелбекова Елена Әбдіхалықоваға алғысын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова өзіне "Есіне мені алғайсың" әнін шырқауға рұқсат берген белгілі сазгер Елена Әбдіхалықоваға алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің сөзінше, Әбдіхалықова Мадина Ералиевадан кейін 15 жыл бойы ешкімге жеке орындауға рұқсат бермеген. Алайда танымал сазгер Мөлдір Әуелбекованың өтінішін жерге қалдырмаған.

Эстрада жұлдызы "Есіңе мені алғайсың" туындысын сахнада шырқауға рұқсат берген композиторға желіде алғысын айтты.

"Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған "Есіңе мені алғайсың" әнін марқұм Мәдина Ералиева әпкемізден кейін 15 жыл әннің автор Елена Әбдіхалықова жеке орындауға ешкімге рұқсат бермеген. Мен қолқа салып сұрағанымда қолымды қайтармады! Әпке тамаша әніңізді орындауға рұқсат бергеніңізге рақмет! Бұл әнді орындау мен үшін мәртебе! Әнді ардайым мен емес, халық орындап шығады! Ескі әндер, есті әндер болып қала бермек", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052478-eskimge-ruqsat-bermegen-moldir-auelbekova-elena-abdixalyqovaga-algysyn-aitty/

pixel