Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өсек пен төсекке қызықпайық": Нұржан Керменбаев өзін сынаған көпшілікке жауап берді (фото, видео)

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев пен Элизат Берікова
Нұржан Керменбаев пен Элизат Берікова. Видеодан кадр: instagram.com/elizaberikova007

Әнші Нұржан Керменбаев пен Элизат Берікова түсірген видео көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Қоғам талқысынан кейін өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін Нұржан Керменбаев пен әнші Элизат Берікова ортақ видео түсіріп, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Кейінірек өнер иелері бірге орындаған әнді жарыққа шығарды.

Алайда әлеуметтік желіде бір-бірінің қолын ұстаған видео жариялаған жұлдыздар тағы да оқырмандарынан сын естіді.

Осыдан соң Нұржан Керменбаев көпшілікке арнайы жазба жариялады.

"Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да пікір жазуға болатын көп ой жатыр.

Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушыларын Керменбаевтың бұл жазбасы одан сайын ашуландырған.

"Онда сен интрига жасама", "Неге осы Димаштан ел бәле іздемейді? Өздеріңді тәрбиелі, дұрыс ұстаңдар", "Саған мұндай жараспайды", "Халық көргенін жазады. Өсекке ілінгіңіз келмесе, мағыналы әніңіз туралы айтыңыз. Қызыл жүрекшені жандыра бермеңіз".

"Қанша жерден әнші болсаң да, сен - аяулы жар, ардақты әке, бір әулеттің күйеу баласы, бір әулеттің бетке ұстар ер азаматысың. "Бір отбасы бұзылмаса екен" деп уайымдаймыз", "Әнді өзің де керемет айтасың. Бізге ондай нарсе ерсі көрінеді екен", "Танылатын ән, хайпсыз да таралады. Тыныш жүру керек", - деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052482-osek-pen-tosekke-qyzyqpaiyq-nurzan-kermenbaev-ozin-synagan-kopsilikke-zauap-berdi-foto-video/

pixel