Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Шахизада отбасындағы қуанышты жаңалықты көпке жария етті

Опубликовано:

Шахизада
Шахизада. Фото: instagram.com/shahizada.art

Қазақстандық танымал әнші Шахизаданың отбасында қуанышты жаңалық орын алды. Өнер иесінің төртінші немересі дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі отбасындағы қуанышты "Дастархан" бағдарламасында жария етті. Шахизада жаңа туған немересінің атын өзі қойғанын айтты.

"Төртінші рет әже атанып, қуанып жатырмын. Әмір деп атын қойдым. “Дастархан” бағдарламасының жайған дастарханын көріп, бесік тойымды ойлап отырмын. Бұйырса алда үлкен тойымыз бар", - деді әнші.

Желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап, кішкентай сәбиге денсаулық тіледі. Оған қоса қалың көпшілік Шахизаданың төрт немересі бар әжеге мүлдем ұқсамайтынын жазуда.

"Әже тұрмақ, тұрмысқа шықпаған қыздай", "Әркез сондай сұлу, көріктісіз", "Бұл кісіні кім әже деп айтады? Жап-жас қыздай", "Неремеңіздің бауы берік болсын, денсаулығы мықты болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052617-ansi-saxizada-otbasyndagy-quanysty-zanalyqty-kopke-zariya-etti/

pixel