Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ne-Yo, 50 Cent, Akon: 2023 жылы Қазақстанда концерт берген әлем жұлдыздары немен есте қалды

Опубликовано:

50 Cent
50 Cent. Фото: instagram.com/50cent

2023 жылы елімізге әнсапармен келген әлем жұлдыздарының саны аз болған жоқ. Күллі әлемге әйгілі әртістер Қазақстан сахнасында өнер көрсетіп, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Осы жылы елімізге ат басын бұрған танымал әншілер кім және олар немен есте қалды? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

50 Сent

28 қараша күні Алматыда әйгілі америкалық рэп орындаушысы - 50 Cent жеке концертін берді. Өнер иесі "Candy shop", "Just a lil bit", "In da club", "P.I.M.P", "Ayo technology" сынды хит әндерін орындап, қазақстандық жанкүйерлерін қуантты.

Алматылықтар рэпермен бірге барлық әндерін шырқап, ерекше көңіл көтеріп қайтты.

50 Сent концертін тамашалауға көптеген танымал тұлға мен блогер барған. Олардың арасында Алматы әкімі Ерболат Досаев та бар. Концертте отырған оңтүстік астана әкімінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Десе де әлем жұлдызының Қазақстанға сапары даусыз өтті деп айта алмаймыз. Мәселен, рэп орындаушы Instagram парақшасында Алматыда өткен ән кешінен кейін жазба жариялап, қазақстандықтардың ашуын тудырды.

"Алматы, Қазақстан, керемет өтті. Егер "Борат" фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер. Мен әлемге ортақпын", - деп жазды рэпер.

Akon

Аkon лақап атымен күллі әлемге танылған рэп орындаушы 15 желтоқсан күні Алматы қаласында, 18 желтоқсан күні Астанада үлкен концерт берді. Жиналған көпшілік "Smack that", "Right now", "I wanna love you" әндеріне билеп, қуанышын жасыра алмады.

Қазақстандықтар әйгілі рэп орындаушыға асқан қонақжайлығын көрсетті. Динара Сәтжан өнер иесін авторлық бағдарламасына шақырып, оған шапан жапқан.

Akon қазақтың ұлттық киімін Астана қаласында өткен концертіне киіп шықты.

Алайда бұл әлемдік жұлдыздың да ән кешінде де даулы мәселе орын алды. Әлеуметтік желіде елордада өткен концертте белгісіз арулардың рэперге іш киім лақтырған видеосы тарап кетті. Бұл жағдай бірқатар отандасымыздың ашуына тиді.

Депутат Аманжол Әлтай мәжіліс отырысында шетелдік әртістер мәселесін көтеріп, қазақстандық жанкүйерлердің әрекетін сынға алды.

Ne-Yo

Америкалық танымал әнші Ne-Yо 25 мамырда Алматы қаласында жеке концертін берді. "One a million" хит әнін орындаушы қазақстандық жагкүйерлеріне ерекше шоу бағдарламасын дайындап келген.

"Алматы аренада" өткен ән кеші ұзақ уақытқа қазақстандықтардың есінде қалары сөзсіз.

Black Eyed Peas

29 шілде күні "Азия дауысы" фестивалі аясында қазақтандықтар үшін әйгілі Black Eyes тобы өнер көрсетті. Америкалық танымал хип-хоп топ бірқатар хит әндерін шырқап, "Медеу" мұз айдынына жиналған көпшілікті билетті.

Black Eyed Peas ерекше шоу бағдарламасымен жанкүйерлерін қуантып, "Boom Boom Pow" әнімен сахнаны жандырды. Әлемдік әртістер ән айтып қана қоймай, сахнада кәсіби бишілерден қалыспай бидің түбін түсірді.

Arash пен Outlandish

Үшінші маусым күні Алматыда тағы бір әлемдік жұлдыздардың концерті дүркіреп өтті. Танымал ирандық әнші Arash пен Outlandish атты даниялық хип-хоп тобы елімізге ат басын бұрын, отандастырымызды қуантты.

Шетелдік әртістер бір сахнада қазақстандық "Орда" тобымен өнер көрсетіп, хит туындыларын шырқады. Алматылықтар думанды шарадан кейін желіде өз әсерін жеткізіп, концерттің жоғары деңгейде өткенін айтты.

Таркан

17 қарашада түркиялық танымал әнші Tarkan "Алматы аренада" жеке ән кешін өткізіп, өнерін тамашалауға келген қазақстандық жанкүйерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жиналған көпшілік орнынан тұрып, әншінің хит туындыларына билеген. Tarkan-ның концертіне ерлер қауымынан гөрі, қыз-келіншектер көп барған.

Сонымен қатар осы жылы елімізге көршілес елдерден келіп, жеке концертін берген жұлдыздар да баршылық. Олардың арасында Земфира, БИ-2, HammAli & Navai, Jony, "Руки вверх", Макс Барских бар.

Айта кетерлігі, келер жылы елімізге тағы бір әлемдік жұлдыз қонаққа келмек. Америкалық танымал әнші Jason Derulo үшінші ақпанда қазақстандық жанкүйерлерімен алғаш рет кездесіп, өнерін паш етпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052728-ne-yo-50-cent-akon-2023-zyly-qazaqstanda-koncert-bergen-alem-zuldyzdary-nemen-este-qaldy/

pixel