Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Дана Тұрарбек күйеуімен қалай танысқанын айтты

Опубликовано:

Мадияр Серікбаев жары Дана Тұрарбекпен
Мадияр Серікбаев жары Дана Тұрарбекпен: youtube/@NartayAralbyuli

"Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбек күйеуі Мадияр Серікбаевпен қалай танысқанын айтып берді. "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасында жұлдызды жұптың бір топта оқығаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен оқуға түскен жылы Мадияр да түсті. Ол алтыншы жыл қатарынан оқуға түсе алмаған. Оқытушылар сыртқы келбетіне тиісіп, "Түрің келмейді. Сахнаға жарамайсың" деп құлата берген. Мәкең де қайтпай бара берген. Тағдыр ғой. Екеуіміз қатар оқыдық. Ол менің тобымның старостасы болды. Негізі мен староста болғым келген.

Бір-бірімізді жақтырмадық. Төбелесіп жүретінбіз. Бір күні бетіне суды шашам деп, стақан қолымнан шығып кетеді. Маңдайын жарып қойғаным бар. Мен оған не көрсетпедім?! Менің жазуым әдемі болып, ағай маған қағаздарын толтыртатын. Мадияр сабаққа екі ай келмей жүрді. Себебін сұрасақ, "Үйленгем ғой. Екі балам түнімен ұйықтамады" деп бастайтын. Біз ол кезде баламыз ғой, соған сенеміз. Бір күні деканаттың қағазына "Үйленген, екі баласы бар" деп жазып жіберіппін. Содан кейін өтірік айтқаны белгілі болды. 2-курстан кейін Үржарға құда түсіп барды. Мен Шымкентке келін болып түстім", - деді Дана Тұрарбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052817-aktrisa-dana-turarbek-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aitty/

pixel