Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші сәбиі дүниеге келген танымал блогер әйеліне босану кезінде серіктес болғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева
Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева. Фото: instagram.com/oksukpaevak

Қазақстандық блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның үшінші сәбиі өмірге келді. Блогер босану кезінде әйеліне серіктес болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Арман Юсупов Instagram парақшасында жазды.

Блогерлер үшінші сәбиге Дамир есімін таңдаған.

"Әлемге қош келдің, Дамир", - деп жазды Юсупов.

Карина Оксукпаева 23 желтоқсан күні босанған. Ал блогердің күйеуі босану сәтінде алғаш рет серіктес болған.

"Жағдайдың бәрін бақылай отырып, Каринаға деген махаббатым мен сыйластығым арта түсті. Ол тоғыз ай бойы баланы жүрегінің астында өсіріп, енді ота жасатып жатыр.

Алдыңғы екі баламда мен босанғаннан кейін келетінмін. Сондықтан босанудың қиындығын түсінбеген болуым керек. Бұл жолы өзім ерекше толқып отырмын. Каринаға алғысым шексіз", - деп жазды Арман Юсупов.

Айта кетейік, блогерлердің Дамирден бөлек Әлім және Тимур есімді екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052822-usinsi-sabii-duniege-kelgen-tanymal-bloger-aieline-bosanu-kezinde-seriktes-bolganyn-aitty-video/

pixel