Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көнуім керек": Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат беретінін айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның бүгінде бір қызы бар. Өнер иесі күйеуіне ұрпақ жалғастыру үшін екінші әйел алуға рұқсат беретінін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, қызы өзіне бауыр сұрайды.

"Сұрайды. Ол сұрағанымен, оның бәрі бір Алладан. Бұйырып жатса, болар. Болмаса, "Қарастырыңыз, өкпе жоқ" деп екінші жолын папасына айтқанбыз. Мен қалай бар, солай өмір сүремін.

"Екінші отбасылы болайын. Менен ұрпақ қалсын" деген көңіліңде қаяу болса, ашылып айта беріңіз дегенмін. Алуға мен емес, Алладан рұқсат. Ер азаматтарға Алла рұқсат беріп қойған. Мен Алладан ұлық емеспін, рұқсатымды бергенмін.

"Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Адамды байлап, жаныма ұстауға қақым жоқ. Ақты ақ, қараны қара деймін. Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі, Алла шебер ғой. Бермесе, өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Ол кісі "қойшы, бір әйел жетеді" деп уайымдап жүр", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052828-konuim-kerek-zuldyzai-duisenbieva-kuieuine-ekinsi-aiel-aluga-ruqsat-beretinin-aitty/

pixel