jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Бір жыл бойы мектепке барған жоқ": Дина Төлепберген баласының сырқаты туралы бар шындықты айтты

Дина Төлепберген сұхбат кезінде
Дина Төлепберген сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Aman Tasygan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген отбасы туралы сөз қозғап, алғаш рет баласының сырқаты туралы бар шындықты айтты. Ақпарат өкілінің сөзінше, тұңғышы бүгінде әлі емделіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген басынан өткен ауыр кезеңді еске алып, "TalkLike" бағдарламасында ұлының сырқаты жайлы ашып айтты. Сөзінше, тұңғышы қан ауруына тап болған.

Тележүргізуші тіпті баласымен жансақтау бөліміне түсіп, денсаулығына байланысты перзенті бір жыл бойы мектепке барғанын айтты.

"Тұңғышымның жасы 10-да. Сол баламның денсаулығы үшін тыңбай жүгіріп жүрміз. Алдында жансақтау бөліміне түсіп қалдық. Баламда қан ауруы бар екенін білдік. Қан сұйытылып кетеді, лейкоциттер мүлдем жоқ болады. Егер қалыпты адамда ол үш жүз мың төңірегінде болса, ауруханаға түскен кезде менің баламның лейкоциті төрт мың ғана болған. Бұл тоқтамай аққан қан салдарынан болған.

Шынын айтқанда, бұл аурудың табиғатын әлі күнге дейін түсіне алмай отырмын. Қазір емделіп жатырмыз. Бір жыл бойы балам мектепке барған жоқ. Бұл маған белгі деп түсіндім. Жұмысқа барыңды салмай, уақытыңды отбасыңа көңіл бөлу керек деп ойладым. Өзімді "жаман анасың" деп сөктім. Қазір де өзімді керемет анамын деп айта алмаймын. Өйткені бәрібір көңілімнің көп бөлігі жұмыста. Дәрілер іштік. Бір жыл бойы изоляцияда болдық. Енді сол ауруды жеңу бағытында жұмыс істеп жатырмыз", – деді журналист.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.