Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепберген: Болашақ жарымның әкеме ұқсамағанын қаладым

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген жанұясы жайлы сыр шертіп, бүгінде әкесімен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты. Ақпарат өкілі болашақ күйеуінің оған ұқсағанын қаламаған екен. Ол әкесіне мүлдем ұқсамайтын жанды іздегенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген "TalkLike" бағдарламасында ашыла сұхбат беріп, әкесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты.

“Ұзатуымды әкемнің өзі жасап берді. Болашақ жарымның әкеме ұқсамағанын қаладым. Оған мүлдем ұқсамайтын адамды іздедім. Мүлдем ұқсамаса екен дедім. Қасиеті де, түрі де, мінезі де басқаша болса дедім. Бұл өте нәзік тақырып болғаны үшін, көп қозғамауға тырысамын. Бұл сыр менің кітабымда жазылған. Өйткені оның астары терең. Бұған дейін өкпе де, реніш те болды. Бірақ трансформация кезеңінен кейін, мен әкеме риза болуым керек екенін түсіндім.

Менің күш-жігерім мен жетістіктерімнің артында әкем тұрғанына енді көзім жетті. Әкемді кешіруге жүргізген бағдарламам, онда тоғысқан тағдырлар әсер етті. Біреуге айтам деп өзім түсіндім. Ол кісі немерелерін өте қатты жақсы көреді. Сол балаларды алып барғанда отырып кеңінен сырласудың сәті түсті. Осыдан екі-үш жыл бұрын ашылып, ақтарылып бір-бірімізді түсіне алдық. Жұрт ойлауы мүмкін Дина мүлдем әкесімен араласпайды екен деп. Олай емес. Біздің жағдайда сәл басқашалау. Ол кісінің екінші отбасынан інім бар. Шымкентке барғанда күтіп алып, көлігімен алып жүреді", – дейді журналист. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052854-dina-tolepbergen-bolasaq-zarymnyn-akeme-uqsamaganyn-qaladym/

pixel