Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаңтарда отау құрып, желтоқсанда сәбилі болдық": Ерке Есмахан отбасымен фото жариялады

Опубликовано:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде отбасымен түскен суреттерін жариялап, елді сүйсінтті. Өнер иесі барша отандастарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаңа жылдық жазба жариялап, 2023 жылға алғыстан басқа айтары жоқ екенін жеткізді. Әнші жылдың басында шаңырақ көтерсе, соңында сәбилі болған

"Жанұя. 2023 ші жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне 2023 ші жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр. Аллаға сансыз шүкір! Төртеу түгел болып, бұдан да көбейіп жылдан жылға аман-есен жете берейік. Баршаңызға тек бақыт тілейміз. Барлық армандарыңыз орындалсын. 2024 жыл тәтті, сәтті жыл болсын! Ізгі тілекпен, Райымбектің отбасы", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, өз жылы лебізін білдірген.

"Барша қыздарға осындай бақ бұйырсын. Көз тимесін, керемет жанұясыздар", "2024-ке төртеу болып кіріп жатсаңыздар, 2025-ке бесеу болып кіріңіздер", "Жанұяларыңызда тек тыныштық, бақ-береке болсын", "Аллам бар бақытын, берекесін үйіп-төгіп берсін! Қос құлындарыңыздың қызығын көріңіздер! Бақытты болыңыздар", "Келер жылы ханшайымды болуды нәсіп етсін", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2052886-qantarda-otau-quryp-zeltoqsanda-sabili-boldyq-erke-esmaxan-otbasymen-foto-zariyalady/

pixel