Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажырасқаннан кейін оны көрмедім": Дильназ Ахмадиева бірінші күйеуі жайлы айтты

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Видеодан кадр: Youtube/4:1KZ

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева алғашқы некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын ашып айтты. Өнер иесі бұрынғы күйеуімен арада түсініспеушіліктер болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева жасы отыздан асқан соң, қоғам тарапынан болған қысымға байланысты күйеуге шығуға асыққанын жасырмады. Алайда әнші ол кезде отбасылық өмірге мүлдем дайын болмағанын айтты. Нәтижесінде бес жылдан кейін ерлі-зайыпты ажырасып кеткен.

"Басқа қыздар секілді менен де "Қашан күйеуге шығасың?" деп сұрайтындар көбейді. Жан-жақтан қысымды сездім. Бәрі "уақытың келді, өтіп барады" дей бастады. Тұрмысқа шыққаннан кейін 2 айдан кейін 31 жасқа толдым. Мен қателік жасағанымды шамамен екі жылдан кейін түсіндім. Ол кезде мен отбасы мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарадым.

Арамызда түсініспеушіліктер болады. Бәлкім мен бір нәрсені дұрыс түсінбей жүрген шығармын деп ойладым. Осылай болу керек шығар дедім. Сол кезде отбасылық өмірге дайын болмағанымды түсіндім. Бұл некеде мені бала болмағаны құтқарып қалды десем де болады. 5 жыл ол кісімен тұрып, ажырасып кеттім. Біз Астана қаласында тұрдық. Ажырасқан күннен бастап ол кісіні мүлдем көрмедім. Астанада тұратынын білемін" , – деді әнші 4:1 подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053036-azyrasqannan-keiin-ony-kormedim-dilnaz-axmadieva-birinsi-kuieui-zaily-aitty/

pixel