Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арамызда үлкен махаббат болған жоқ": Ахмадиева сәтсіз аяқталған екінші некесіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева екінші некесіне қатысты жан сырын ақтарып, ұлының әкесімен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, жолдасы екеуінің арасында үлкен махаббат болмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева күйеуімен алғаш танысқан кезде оған деген қызығушылығы мүлдем болмағанын айтты. Алайда кейін сырласа келе екеуі бір-біріне жақын адамдар екенін түсінген.

"Екінші рет тұрмысқа 4 жылдан кейін шықтым. Отандық жобаның түсірілімі кезінде таныстық. Бірақ жоба кезінде мүлдем араласпадық, ер адам ретінде оған ешқандай қызығушылығым болмады. Бәрі аяқ асты болды. Біз бір-бірімізді жан дүниемізбен түсінетінбіз. Ішкі сезімдеріміз арқылы сырласқанда жақын адамдар екенімізді түсіндім. Арамызда керемет махаббат пен сезім болған жоқ. Оны екеуіміз де мойындаймыз. Мен өзім үшін дұрыс шешімдерді іздей бастадым. Жасым да кетіп бара жатқанын түсіндім. Бала сүйгім келді. Бедеулікпен күресіп жүрген соң, уақытым аз екенін білдім. Ортақ қызығушылық пен толассыз әңгіме екеуміздің шаңырақ көтеруімізге әкелді", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі бүгінде бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін алға тартты. Ерлі-зайыпты араларындағы достықты сақтап қалған.

"Қазір ол кісі – баламның әкесі. Біздің қарым-қатынасымыз әлі де жақсы. Бірінші күйеуімді мүлдем көрмесем, бұл жолдасыммен әрқашан байланыста боламын. Ортақ баламыз бар. Біз бүгінде дос ретінде араласамыз. Бір-бірімізден кеңес сұраймыз. Бар уақытын баласына арнауға тырысады. Оған алғыстан басқа айтарым жоқ" , – деді Дильназ 4:1 подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053045-aramyzda-ulken-maxabbat-bolgan-zoq-axmadieva-satsiz-ayaqtalgan-ekinsi-nekesine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel