Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойыма сол күні ұшып келдім": Мейрамбек Бесбаев отау құрған кезін еске алды

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Мейрамбек Бесбаев әйелімен. Видеодан кадр: instagram.com/marhabat.besbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев шаңырақ көтерген кезін еске алып, қызықты оқиғасын айтып берді. Өнер иесіүйлену тойына сол күні басқа қаладан ұшып келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды күйеубаласының өз тойына дәл сол күні ұшып келгені оның енесіне аса ұнамай қалған. Әншінің сөзінше, енесі қызынан "күйеуің тойға келеді ма өзі?" деп сұраған екен.

Алайда уақыт өте келе Мейрамбек Бесбаев ол кісінің көңілін тауып, бүгінде сүйікті күйеубаласына айналғанын айтты.

"Үйлену тойыма сол күні ұшып келдім. Сол кезде рейс кешігіп, тойға үлгермей қаламыз деп ойламаймыз. Қорықпайды екенбіз. 2004 жылдың 8 шілдесінде үйлендік. Сол кезде Астанада бір шарада болдық. Той-томалаққа да барғанбыз. Сол кезде тапсырыстардан да бас тартпайтын едік қой, келісе беретінбіз. Солай жүрсек те бәріне үлгердім. Тойыма да кешікпедім. Келер жылы отау құрғанымызға 20 жыл болады. Мархабат басында мені танымаған. Ортасы орысша болды десем де болады. Ол кезде қазақша әндер көп тыңдалмайтын еді. Бәрі қасымызға келіп суретке түсіп жатқанда "бұлар кімдер?" деді ғой.

Той күні енем енем уайымдап, "тойға келеді ма өзі? сенім артуға болатын адам ба?" деп сұрапты. Уақыт өте келе ол кісінің көңілін таптық. Енемді жақсы көремін, ол кісі де мені жақсы көреді. Махаббат бәрін жеңіп шықты. Біз танысқанда Мархабат 17 жаста болды. Оған үй-іші 18-ге толсын деген соң, оны күттік", - деді Бесбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053065-toiyma-sol-kuni-usyp-keldim-meirambek-besbaev-otau-qurgan-kezin-eske-aldy/

pixel