Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді ол жерде көрмеймін": Мейрамбек Бесбаев мемлекеттік қызметке баруға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Музыкальный исполнитель Мейрамбек Беспаев
Мейрамбек Беспаев: Instagram.com / m_besbaev

Қазақ эстрадасының дүлділі Мейрамбек Бесбаев болашақта мемлекеттік қызметке баруға қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы өнер адамы үшін бір жерде отырып жұмыс істеу қиын екенін алға тартып, әзірге өзін бұл салада көрмейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев мемлекеттік қызметке баруға әзірге ниетті емес екенін ашық айтты.

Өнер иесінің сөзінше, бұған дейін оған аталмыш қызметке қатысты бірнеше ұсыныс жасалған. Алайда әнші олардан бірден бас тартыпты. Ол ел алдында өнерін паш етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүре бергенді жөн көрген.

"Оған мінезім келмейді. Бұл қызметте қатты беріліп, көп жұмыс істеу керек. Кішкентай кезімізден еркіндікті қалаған, өнер жағында гастрольдік сапарлармен жүрісіміз көп болғандықтан бұл салаға бара қоймаспыз деп ойлаймын. Өнер адамы үшін бір жерде отырып жұмыс істеу оңай емес. Жауапкершілігі мол қызмет. Одан да біз өнерімізді шыңдап, әнімізді айтып, жастарға кеңес беріп жүре берейікші.

Шамамыз келгенше үкіметке бармай-ақ көмектесе берсек те болады. Енді мен өзім бармаспын деп ойлаймын. Өзімді әзірге ол жерде көрмеймін. Бірақ ұсыныстар болғанын жасырмаймын. Мен бас тарттым. Қалай болғанда да өнерге қызмет етеміз ғой", - деді Бесбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053093-ozimdi-ol-zerde-kormeimin-meirambek-besbaev-memlekettik-qyzmetke-baruga-qatysty-oiyn-aitty/

pixel