Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анаммен қоштасып үлгермедім": Ғаділбек Жаңай өміріндегі өкініші жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Ғаділбек Жаңай
Ғаділбек Жаңай. Фото: Таир Нұғман бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Ғаділбек Жаңай анасы жайлы сыр шертіп, өміріндегі ең басты өкінішін айтты. Өнер иесі анасы сырқаттанып, өмірден өткенде ол кісімен қоштасып үлгермеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғаділбек Жаңай басынан өткен ауыр кезең жайлы Айдос Ербосынұлына берген сұхбаты барысында айтып берді.

Шоу-бизнес жұлдызы анасы сырқаттанып жатқанын естіген бойда бірден ауылға жол тартқан. Алайда әнші қанша асыққанымен уақытылы барып үлгермеген. Ол анасымен қоштаса алмағанына қатты өкінетінін жеткізді.

"Ауыл жақтан суық хабар келетінін сезіп жүрдім. Құдай сездіреді екен. Шешем дүниеден өтерін маған сездірді. 2007 жыл болатын. Алматыда пәтер жалдап тұрамын. Ұйқыдан өте жаман күйде ояндым. Еш жерім ауырып жатқан жоқ. Бір кезде "қазір телефонға біреу қоңырау шалады. Ол адам жаман хабар айтады" деген ой келді. Сол ой бір-екі минут өтпей шындыққа айналды. Телефон шырылдайды. Ауылдан немере ағам хабарласып жатыр. Бір соққанда алмадым. Өзімнің ойыммен арпалысып жатырмын. Екінші рет хабарласқанда тұтқаны көтердім. Дауысы бәрі бұрынғы, аман-саулық сұрастық. Бір кезде "анаң сырқаттанып жатыр, ауылға кеп қайт" деді. Содан кейін бәрі түсінікті болды.

Алматыдан шығып, ауылға барған аралықтағы кіммен кездескенім, кімге барғаным ешқайсысы есімде жоқ. Немере ағаммен сөйлескеннен кейін нағашы ағам Болаттың үйіне жаяу барыппын. Әуежайға Ақылбек Жеменей досым шығарып салыпты. Ақтаудағы достарым күтіп алған. Солардың көлігімен ауылға барғанмын. Олардың біреуі де есімде жоқ. Ауылға кірген сәтім ғана есімде. Сайдан шыққаннан кейін біздің үй көрінеді. Жанына киіз үй тігіп қойыпты. Мамыр айында ешкім киіз үйде отырмайды. Жазға қарай тігетін. Сол кезде ғана анамнан айырылғанымды түсіндім. Анамды жер қойнына тапсырғанда да ештеңені сезінбедім. Бір аптадан кейін ғана бүкіл эмоциям шықты. Оған дейін апаларым жоқтау айтып жылап жатса да, эмоцияды шығара алмадым. Бүкілі бір аптадан кейін басталды. 40 жасыма дейін ондай күй кешпеппін. Шешеден айырылу өте қиын екен", - деді Ғаділбек Жаңай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053220-anammen-qostasyp-ulgermedim-gadilbek-zanai-omirindegi-okinisi-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel