Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең сүйікті жанкүйерлерім": Мейрамбек Бесбаев балалары жайлы айтты

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев отбасымен
Фото: Instagram/m_besbaev

Қазақ эсьрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев балалары жайлы сөз қозғап, олардың өнерге келуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ақтарыла сұхбат беріп, балалары туралы айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, перзенттері жұлдызды әкесінің ең сүйікті тыңдармандары екен.

Ол болашақта ұлы мен қызының өнер саласына келуіне қарсы емес екенін жеткізді.

"Кәусар 16 жаста. Абухайыр 2-сыныпта оқиды. Олар менің ең сүйікті жанкүйерлерім. Абухайыр көлікке мінсе болды, "папаның әнін қос" дейді. Болашақта кім болатынын өздері шешеді. Өнерге келгісі келсе де оны көре жатармыз. Бірақ кішкентай кездерінен бастап барлық үйірмелерге бердік. Кәусар домбыраға да қызығады. Абухайыр каратэге барып жүр. Қызығатын салаға бара берсін, өсе келе өзіне керегін таңдап алады. Баланың барлығын шетінен меңгеріп, білгені маңызды", – деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053251-en-suiikti-zankuierlerim-meirambek-besbaev-balalary-zaily-aitty/

pixel