jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұлдыз, жақында келем": Қайрат Нұртас желіде отбасына өлең жолдарын арнады

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/kair_n

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде отбасы туралы жазба жариялап, келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қайрат Нұртас Instagram парақшасында отбасына өлең шумақтарын жолдап, өз махаббатын жеткізді.

    Бала-шағасына деген ыстық ықыласын білдірген әртіс соңында келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға үндеу жасады. Өнер иесі әйеліне жақында келетінін айтты.

    "Отбасым ол - асқары арманымның, Әрбір атқан арайы таңдарымның. Ұл-қыз үшін - әкелік талпынысым. Жігерімді арнасам жанұяма, Жыр-әнімді арнадым халқым үшін! Жаратқанға мың алғыс әр күн үшін!

    Жұлдыз, жақында келем", - деп жазды Қайрат Нұртас.

    Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа жылға орай балаларымен жасаған фотосессиясы талқыға түскен болатын. Желі қолданушылары отбасылық суреттерде Қайрат Нұртастың жоқтығын байқап, актрисаға отағасына қатысты сұрақтарды жаудырған.

    "Жұлдыз, жақында келем": Қайрат Нұртас желіде отбасына өлең жолдарын арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.