Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Sadraddin анасына қымбат көлік мінгізді (фото, видео)

Опубликовано:

Әнші Садраддин Болат анасымен
Әнші Садраддин Болат анасымен. Фото: instagram.com/sadraddinn

Қазақстандық танымал әнші Садраддин Болат анасына қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram-Stories-інде жария етті.

"Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз" деген ұлына әншінің анасы "Жәннаттың есігін нәсіп етсін" деп ақ тілегін айтады.

Жарияланған видеоға қарағанда, бұл көлік - Lexus RX моделі. Оның бағасы ресми сайтта комплектациясына байланысты 34 миллионнан 48 миллион теңгеге дейін барады.

Садраддин Болат 24 жаста. Шымкентте туған. Әнші журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бұған дейін анасына пәтер сыйлағанын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053529-ansi-sadraddin-anasyna-qymbat-kolik-mingizdi-foto-video/

pixel