Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Қуандық Рахым кішкентай кезіндегі суретін жариялады

Опубликовано:

Қуандық Рахым
Қуандық Рахым. Фото: instagram.com/rakhym_kuandyk.kz

Қазақстандық танымал әнші Қуандық Рахым кішкентай кезінде түрі қандай болғанын көрсетті. Өнер иесі әлеуметтік желіде бала күнгі суретін жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуандық Рахым бала кезіндегі фотосын Instagram парақшасында ел назарына ұсынған.

"Мына бала 20 жылдан кейін "Қазақстан дауысында" жеңіске жететінін ойлады ма? Аллаға шүкір", - деген жазба қалдырды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің кішкентай кезіндегі суретіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдіруде.

Айта кетейік, "Қазақстан дауысында" Қуандық Рахымның тобында болған әнші Мұса Марат жобаның жеңімпазы атанған болатын. Ақтық сында ол Маржан Арапбаеваның тобындағы Азамат Төреханмен бақ сынасқан еді. Қуандық Рахым ауа райына байланысты эфирге келе алмады. Алайда финал бойы тікелей байланыста болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053658-ansi-quandyq-raxym-kiskentai-kezindegi-suretin-zariyalady/

pixel