"Мазаламаңыздаршы": айы-күні жетіп отырған Жорабаева оқырмандарына шүйлікті
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде оқырмандарына өз ренішін жеткізді. Бүгінде бесінші перзентін күтіп жүрген өнер иесі көпшіліктің жүктілікке қатысты қоятын толассыз сұрақтарына шүйліккен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында қалың көпшілікке үндеу жасап, қазіргі жағдайын айтты.
"Менде жүріс осылай. Өтініш, "қашан туасың?", "Ұл ма, қыз ба?" деген сұрақтармен мазаламаңыздаршы. Алланың бұйырған уақытында, Алла бұйырған бөпе келеді", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.
Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әншінің бірінші некеден төрт қызы бар. Өнер иесі аяғы ауыр екенін хабарлағанымен, болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді.
Сондай-ақ әнші Жаңа жылды отбасымен қалай қарсы алғанын көрсетіп, көпшілікті жаңа жылмен құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053714-mazalamanyzdarsy-ai-kuni-zetip-otyrgan-zorabaeva-oqyrmandaryna-suilikti/