Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алды (фото, видео)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева отбасымен
Алтынай Жорабаева отбасымен. Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақстандық танымал жұлдыздар барша отандастарымен бірге Жаңа жыл мерекесін атап өтті. Әдетте сахнадан түспейтін өнер иелері бұл күнді өз отбасымен өткізді. Бірі мейрамды өз үйінде тойласа, енді бірі шетелде атап өтуді жөн көрген. Әртістердің Жаңа жылды қалай қарсы алғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Ай-күні жетіп отырған Алтынай Жорабаева Жаңа жылды өз отбасымен қарсы алған. Өнер иесі өткен жылға алғысын айтып, 2024-те болашақ перзентімен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

Әнші Роза Әлқожа осы жылы Жаңа жылды ерекше атап өткенін айтты. Әдетті түнгі он екіні үйде қарсы алатын өнер иесі бұл жолы жанұясын демалыс орнына алып барған.

"Биылғы жаңа жыл ерекше болды. Әдетте - үйде, келген қонақты қарсы алып, сосын көршілерді аралаушы едік. Енді ортамызға жаңа адам қосылған соң, демалыс орнына хабарластық. Ешкім ештеңе пісірмей, дайындалмай, шаршамай демалсын дедік. Құда мен құдағиды да шақырып, құда бала мен келінге де балаларымен келсін дедік. Солай дос, туыстан бөлек, отбасымызбен қарсы алған жаңа жыл болды. Бала боп таудан сырғанап, таза ауамен тыныстап, керемет әсер алдық. Кешкі ас пен мейрамхана ұсынған шоу бағдарламаны тамашалаған балалар риза", - деп жазды әртіс.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жыл мерекесін шетелде балаларымен бірге қарсы алған. Өнер иесі жаңа жыл қарсаңында Катар еліне ұшып кеткен болатын.

Алайда бұл сапарға жұлдызды отағасы Қайрат Нұртас бармаған.

Қайрат Нұртас Жаңа жылды ата-анасы, інісі мен келінімен бірге қара шаңырақта атап өткен. Гүлзира Айдарбекова желіде мереке күні түсірілген суреттер мен видеоларды жариялады.

"Жаңа жылдың отбасылық мерекесінде жанұямыз түгел жанымызда болмаса да, сымсыз телефонның құдіретімен арамыз еш алыстаған жоқ. Көз алдымызда видео звонок арқылы сөйлесіп мәз болып отырдық", - деп жазды продюсер.

Айгүл Иманбаева бұл жолы Жаңа жылды Америка құрама штаттарында Нью-Йорк қаласында қарсы алған.

Әзілкеш әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей Жаңа жылды отбасымен үйде қарсы алып, ертесіне бірден шетелге демалуға ұшып кетті. Жұлдызды жанұя қазіргі уақытта Вьетнамда демалып жатыр.

Әнші Нұрболат Абдуллин де өзге әріптестері секілді Жаңа жыл мерекесін өз отбасымен бірге атап өткен. Өнер иесі Instagram парақшасында жанұясымен түскен суретін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053585-otandyq-zuldyzdar-zana-zyldy-qalai-qarsy-aldy-foto-video/

pixel