Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанышында шек жоқ": өнерден алыстап кеткен Индира Расылхан сахнаға оралды (видео)

Опубликовано:

Индира Расылхан
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Көптен бері ел алдына шықпай, өнерден алыстап кеткен Индира Расылхан сахнаға қайта оралды. Өнер иесі "Сover Show" бағдарламасында өз өнерін паш етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан бұған дейін өнермен қош айтысқанын хабарлап, өзін басқа бағытта дамытпақ екенін айтты. Бүгінде әнші "Алламен байланысты нығайту" бойынша консультация беріп, желіде ақыл-кеңестерін айтатын болған.

Біраз уақыттан бері өнер саласынан алыстап кеткен әртіс отандық сахнаға оралып, өз тыңдармандарын бір қуантты. Индира Расылхан қазақстандық "Cover Show" бағдарламасына қатысып, өнерін паш етті.

"Менің ән айтуымды қалаған жандардың қуанышында шек жоқ. Рақмет баршаларыңызға. Осы тамаша әнді Cover нұсқада орындауға мүмкіндік берген арнаға және Мейрамбек Бесбаев досыма алғысымды айтамын. Сіздерге ұнады ма", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053736-quanysynda-sek-zoq-onerden-alystap-ketken-indira-rasylxan-saxnaga-oraldy-video/

pixel