"Дымымды шығармай шыдадым": Мамасарипова бопсалаудың құрбаны болғанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова өткен жылды қорытындылап, басынан өткен жағдайды баяндады. 2023 жыл кинопродюсер үшін аса табысты болғанымен, өмірінде жайсыз жайттар да орын алған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мамасарипова өткен жылы басынан өткен қиын жағдай туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Продюсер 2023 жылы бірқатар актермен өзара келіспей қалғанын ашып айтты. Сөзінше, олар "басына мініп, абьюзерлік әрекет" жасаған.
Сонымен қатар Гүлнұр Мамасарипова өткен жылы бопсалаудың құрбаны болғанын жеткізді. Кинопродюсер бұл жайында ешкімге тіс жармай, өзі шыдап келген.
"Бір қорытынды жазба жарияламасам болмас. Өтіп бара жатқан жыл мен үшін қаншалықты жеңісті, жемісті болса, соғұрлым "әттеген-айы" көп жыл болды. Кейбір актерларым басыма мініп, секіріп, абьюзерлік әрекет жасаған жыл болды. "Кино зорлық-зомбылығына" ұшырадым ал. Бопсалаудың құрбаны болдым. Бірақ мен әр қазақ әйелі сияқты дымымды шығармай шыдадым. Алдағы жылы мен көп вирустарға вакцина салдыртып алдым, имунитет қалыптастырдым, шүкір. Мені көре алмайтын, ақшамды санайтын, "біздің арқамызда" деп сыртымнан пышылдайтындарға да ризамын. Кармаларың өздеріңмен кетсін. Жалпы жыл қызықты болды. Бірақ қызықтың бәрі алда", - деп жазды Мамасарипова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053746-dymymdy-sygarmai-sydadym-mamasaripova-bopsalaudyn-qurbany-bolganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.