"Бір той жасаймыз": Ерке Есмахан ұлының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан ұлы Исламның "қырқынан шығару" рәсімін өткізді. Оған өнер иесінің тек ет-жақындары ғана қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан ұлының "қырқынан шығару" рәсімі кезіндегі суреттерін Instagram парақшасында жариялады. Жұлдызды ана 40 күндік міндетінен құтылғанын айтып, енді қыдыратынын алға тартты.
"Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана тойлаттық. Әкесі артынан барлық қуанышымызды бөлісіп, бір той жасаймын деп отыр. Бәрінен бұрын 40 күндік міндетімнен құтылдым. Енді қыдырамын", – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ерке Есмахан қараша айында екінші ұлын дүниеге әкелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053831-bir-toi-zasaimyz-erke-esmaxan-ulynyn-qyrqynan-sygaru-rasimin-otkizdi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.