Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдан кейін шетелге демалуға кеткен жұлдыздар кім (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі
Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Жаңа жыл мерекесінен кейін жаппай шетелге демалуға аттануда. Ыстық мекенге ұшып кеткен өнер иелерінің арасында кімдер бар екенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Танымал тележүргізуші әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей 2024 жылдың алғашқы күнін Вьетнам елінде өткізген. Өнер иесі бұл демалысқа отбасымен бірге барған.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова да Жаңа жылды жанұясымен қарсы алып, бірер күннен соң Вьетнамға ұшып кеткен. Әдетте шетелді күйеуімен аралайтын Айдарбекова бұл сапарға құрбысымен аттанған.

Қайрат Нұртас та Жаңа жылды Алматыда қарсы алып, кейін Катар еліне бала-шағасына ұшып барған. Өнер иесі желіде балаларымен қауышқан сәтін жариялаған болатын.

Айта кетейік, әншінің келіншегі мен перзенттері Жаңа жылды Катар елінде атап өткен.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова да бүгінде шетелде жүр. Әнші қызы Мереймен бірге Корей елінің әсем жерлерін аралауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053885-zana-zyldan-keiin-setelge-demaluga-ketken-zuldyzdar-kim-video/

pixel