Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалауым бірден орындалады": Қайрат Нұртас келіншегіне бағалы сыйлық тарту етті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас Катарға барып, отбасымен қауышқан бойда келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға бағалы сыйлық тарту етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жұлдызды жанұя Доха қаласындағы сауда орталығында бренд дүкендерін аралап жүріп, ұнатқан заттарын алды.

Қайрат Нұртас ұл-қызына белгілі дизайнерлердің киімін сыйлап қуантты. Сондай-ақ әртіс келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың да қалауын орындаған. Әнші әйеліне қымбат брендтен қалаған затын сатып алып берген.

Ерлі-зайыптының балаларымен қыдырып жүрген сәтінің видеосы Instagram желісінде жарияланды.

"Менің қалауым бірден орындалатын сәттер осындай болады. Жақсы демалыс болды. Балалар бізге, біз балаларға еркелеп жүрміз. Балалар өсті деген осы. Бәріміз Сезімнің артынан келе жатырмыз", - деді Әбдікәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053896-qalauym-birden-oryndalady-qairat-nurtas-kelinsegine-bagaly-syilyq-tartu-etti-video/

pixel