Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менталитет ұнайды": атышулы Моргенштерн Қазақстаннан алған әсерін айтты

Опубликовано:

Моргенштерн мен Zheka Fatbelly
Моргенштерн мен Zheka Fatbelly. Видеодан кадр: youtube.com/@ZhekaFatbelly

Ресейлік атышулы рэп орындаушы әрі шоумен Моргенштерн "Fatbelly Show" бағдарламасында қонақта болып, Zheka Fatbelly лақап атымен танымал блогердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы рэпер сұхбат барысында Қазақстан жайлы ойын айтып, елімізден алған әсерін жеткізді. Моргенштернге Қазақстан халқының ментелитеті ұнайды екен.

"Қазақстан - керемет жер. Сендердің менталитеттерің қатты ұнайды. Бәрі сондай ақкөңіл, ашық жандар. Мен бұл қасиетті қатты бағалаймын. Біріншіден, мен өзім Башқұртстаннанмын. Біздің табиғатымыз ұқсас келеді. Бізде де тау көп, айналамыз жап-жасыл. Қазақстанның ауасы бөлек. Мен бұл жерде өзімді үйде секілді сезінемін. Шынына келгенде түркі тілдес ұлттардың көздері де ұқсас келеді. Алматы, рақмет", - деді әнші.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2053916-mentalitet-unaidy-atysuly-morgenstern-qazaqstannan-algan-aserin-aitty/

pixel