Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл сәт қайтып келмейді": Ерке Есмахан бала босанып, күйзелісте жүрген әйелдерге кеңес берді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан босанғаннан кейін желіде белсенділік танытып, оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі жүктілік пен күйзеліс тақырыбына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға Instagram желісінде жауап берген. Эстрада жұлдызы босанғаннан кейін көптеген әйел тап болатын күйзеліске қатысты ойын айтты.

"Айтпақшы сол күйзелісті күтіп едім, келмеді. Кішкентай бөпенің иісі аңқып жатқанда ненің күйзелісі? Сондықтан жаңа босанған аналар, сенбеңіздер. Керісінше, шүкір айтып, осы сәттен ләззәт алыңыздар. Өйткені бұл сәт қайтып келмейді", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі жүктілігіне қатысты сұраққа да жауап берді.

"Жүктілігім мінсіз болды. Аурулар мені айналып өтті. Саяхаттап, ән шырқап, бейнебаян түсіріп, ойнап күлумен 9 ай тез-ақ өтіп кетті. Сол үшін тағы қыз туамын деп отырмын ғой", - деп жазды ол.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054097-bul-sat-qaityp-kelmeidi-erke-esmaxan-bala-bosanyp-kuizeliste-zurgen-aielderge-kenes-berdi/

pixel