jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Құны - 1 млн теңге": жақында ұлды болған Өмірқұл Айниязовқа інісі ерекше сый тарту етті

    Өмірқұл Айниязовқа қымбат сыйлық тарту етті
    Өмірқұл Айниязовқа қымбат сыйлық тарту етті.Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

    2024 жылдың алғашқы күнінде ұлды болған Өмірқұл Айниязов жақындарының құттықтауын қабылдауда. Атұстары дүниеге келген әншіге інісі құны 1 млн теңге тұратын сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өмірқұл Айниязовтың аса бағалы сыйлық алғаны жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі інісімен кездескен сәтінен арнайы видео жариялап, көпшілікке қымбат сыйлығын көрсетті.

    Әншінің інісі оны ұлды болуымен құттықтап, алтын және күміспен қапталған қамшы сыйға тарту еткен.

    "Өмірге атұстар келіп жатыр екен. Қазақта қамшының орны әрқашан бөлек. Бұл биліктің, күштің, рухтың символы. Соған орай алтын қамшымызды сізге ұсынсақ деп отырмыз. Ұлыңыз болашақта алты алаштың басын қосатын азамат болсын деген ниетпен сыйлап жатырмыз. Алтынмен, күміспен қапталған. Өрімдеріндегі оюлар қолмен жасалған", - деді әншінің Біләл есімді інісі.

    Желі қолданушылары әншіден қамшының бағасын сұрап білмек болды. Өнер иесі көп күттірмей, оның құны 1 млн теңге екенін ашық айтты.

    "Құны - 1 млн теңге": жақында ұлды болған Өмірқұл Айниязовқа інісі ерекше сый тарту етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.