Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тұла бойы тұңғышын туған күнімен ерекше құттықтады. Ерлі-зайыпты қызы Сезімге тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды жұп қызын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Көпбалалы ата-ана түнгі он екіден кейін басқа перзенттерімен бірге үйге келіп, оған үлкен гүл шоғын сыйлаған.
"Сезім өз ата-әжесіне де, нағашы ата-әжесіне де, бізге де тұңғыш қыз, тұңғыш немере. Қызым дүниеге келіп, қаншама адамға қуаныш сыйлады. Бақытты бол, балапаным" , - деді Жұлдыз Әбдікәрімова видеода.
Желі қолданушылары көптен бері бірге бой көрсетпеген жұлдызды жанұяға тәнті болып, Қайрат Нұртастың қызына ақ тілегін жарыса жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054289-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimova-tungysyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.