Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Мейірғат Амангелдиннің екінші перзенті дүниеге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Мейірғат Амангелдин ұлымен
Мейірғат Амангелдин ұлымен: Instagram/amangeldina_arailym

Отандық танымал актер Мейірғат Амангелдиннің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің екінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейірғат Амангелдиннің келіншегі бұл жолы оған ұл бала сыйлаған.

Қуанышты хабарды актердің жары Instagram парақшасында хабарлады. Арайлым Амангелдина күйеуі мен ұлының перзентханадағы суретін жариялап, елден сүйінші сұрады.

"Сүйінші! 04.01.24 өмірге ұлымыз келді. Ғұмырлы ет, денін сау ет, саналы ет, жаратқан", - деп жазды ол.

Мейірғат Амангелдин ұлының атын Қасымхан деп қойған.

"Мейірғаттың кинодағы алғашқы рөлі "Қазақ хандығы" филімінен бастау алғанын көбіңіз білесіздергой. Сол кезде ұлым болса Қасымхан қоямын деген ниеті болған. Сол ниеттің қабыл болған бақытты сәті бүгін", - деп жазды Арайлым Амангелдина.

Айта кетейік, Мейірғат пен Арайлым Амангелдинаның ұлынан басқа тағы бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054345-akter-meiirgat-amangeldinnin-ekinsi-perzenti-duniege-keldi-foto-video/

pixel