"Өз қолыммен топырақ салғаным есімде": Құрмаш Махан өмірден ерте өткен әкесін еске алды
Жарияланған күні:
Әнші Құрмаш Махан өмірден ерте кеткен әкесін еске алды. "Алғашқы" бағдарламасында өнер иесі әкесіне өз қолымен топырақ салғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің ағасының айтуынша, әкесі өмірден өткенде Құрмаш Махан 12 жаста болған.
"Көкейімде "Адам қайтыс болса, қайда кетеді" деген сұрақ тұратын. Адамның жоқ болып кетуі мүмкін емес деп, белгісіз нәрсеге қимайтынмын. Әкемнің қайтыс болғаны, жерлегеніміз, өз қолыммен топырақ салғаным есімде. Ол нәрсені қабылдағанмын.
Әке мен ананы ойламау, іздемеу мүмкін емес нәрсе сияқты. Тәніміз, түр-сипатымыз есейсе де, әке-шешесі бар адамдардың өзін бала секілді сезінуі қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Мақтанғанда, қуанғанда, қиналғанда, ер жеткен сәтте, өмірдің ащысы мен тұщысын көргенде әке мен анаға қоятын сұрақтар болады", - деді Құрмаш Махан.
Еске сала кетейік, осыған дейін Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054380-oz-qolymmen-topyraq-salganym-esimde-qurmas-maxan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.