Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақова ұлының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова ұлының қырқынан шығару рәсімін өткізді. Отбасылық жиынға ерлі-зайыптының жақындары ғана қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы Айжан Байзақова қалың көпшілікке кіші ұлы Асадулланың қырқынан шығару рәсімі қалай өткенін көрсетті. Блогер ару Instagram парақшасында отбасылық жиыннан фото мен видео жариялаған.

Ерлі-зайыптының қуанышына ата-аналары мен жақын достары қатысқан. Барлығы кішкентай сәбиге ақ тілегін айтып, "қырқынан шығару" ғұрыптарын жасады.

"Ұлыма зор дденсаулық тілеймін. Абыройлы ер азамат болып өс балам. Мен сені жақсы көремін. Ең бастысы бақытты бол", - деп ақ тілегін жолдады әкесі.

"Бүгін өмірімізге Асадтың келгеніне 40 күн болды. Бұл бала дүниеге келіп, бірден бәрімізді бақытты етті. Бақытты балалық шақ тілеймін. Біз сені жақсы көреміз", - деді Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054434-aizan-baizaqova-ulynyn-qyrqynan-sygaru-rasimin-otkizdi-video/

pixel