jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Батыр қыз атындағы медаль бұйырды": Тамара Асар ерекше марапатқа ие болды (фото)

    Тамара Асар
    Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар ерекше марапатқа ие болды. Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы оған "Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль табыстады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етті. Тамара Асар өзіне құрмет көрсетіп, медаль табыстаған жандарға алығысын айтты.

    "Мені "батыр қыз деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым.

    Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары әртістің марапатына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі ол үшін қуанып, құттықтап жатса, енді бірі оның аталмыш медальға лайықты емес екенін жазуда.

    "Лайықтысыз. Қазақтың маңдайына біткен керемет әртіссіз", "Құтты болсын марапатыңыз. Қандай марапат болса да, лайықтысыз", "Батырлық танытып не жасады екен? Керемет әнші екенін білем, бірақ батырлығы есімде жоқ", "Ауылда көп бала асырап, елі мен жеріне ерен еңбегі сіңген қаншама батыр аналарымыз бар. Солардан біреуі табылмады ма екен", "Құтты болсын. Бірақ әншіні "батыр қыз" деп марапаттаған біртүрлі екен", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.