Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заттыбек Көпбосынұлы "Сұлтан Бейбарыс" атындағы төсбелгімен марапатталды (видео)

Опубликовано:

Заттыбек Көпбосынұлы мен Тамара Асар
Заттыбек Көпбосынұлы мен Тамара Асар. Фото: Instagram/zattybek

Қазақстандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы Атырауда ерекше марапатқа ие болды. Өңірдің ардагерлер кеңесінің төрағасы оған "Сұлтан Бейбарыс" төсбелгісін табыстап, салтанатты түрде таққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлы бұл жаңалығын Instagram парақшасында жария етті. Әншінің сөзінше, ол шығармашылық кеште өнер көрсетуге барып, марапатқа ие болып қайтқан.

"Атырау қаласында Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Атырау облысының "Құрметті азаматы", "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ағаның шығармашылық кеші өтті. "Екі дос" тақырыбында осы ән Мұрат Сақтайұлына арналған еді. Сол кеште Атырау елі және Мұрат Сақтайұлы "Сұлтан Бейбарыс" атындағы төсбелгімен марапаттап, өз құрметін көрсетті", - деп жазды өнер иесі.

Заттыбек Көпбосынұлы аталмыш төсбелгіні өзіне тағып жатқан сәтінен видео жариялап, қалың көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054551-zattybek-kopbosynuly-sultan-beibarys-atyndagy-tosbelgimen-marapattaldy-video/

pixel