Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков жаман әдетінің кесірінен жанұясынан айырылып қала жаздағанын айтты

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков. Видеодан кадр: "Жарқын жүздесу" бағдарламасы

Әнші Дастан Оразбекова үш жыл күйзелісте болып, жақындарынан айырылып қала жаздағанын айтты. Өнер иесі Астанаға көшіп, жаңа орта тапқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші "Жарқын жүздесу" бағдарламасында айтып берді.

"Өзіме жоспар қойғанмын. 70 жасыма дейін сахнада жүремін", - деді Дастан Оразбеков.

Сонымен қатар өнер иесі күйзеліске түскен сәтін еске алды.

"Жаман әдетке тап болдым. Соның кесірінен ағайын-туыс, жанұямнан айырылып қала жаздадым. Ол 2017-2019 жылдар аралығы еді. Мен психологпен сөйлесіп, күйзелістен шықтым.

Орта өзгерттім. Астанаға көшуімнің себебі де сол. Осы жерде жақсы ортаға тап болдым", - деді Оразбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054585-dastan-orazbekov-zaman-adet-kesirinen-zanuyasynan-aiyrylyp-qala-zazdaganyn-aitty/

pixel