Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламен отыр": әнші Қуандық Рахым әйелі жайлы айтты

Опубликовано:

Қуандық Рахым әйелімен
Видеодан кадр: Instagram/kuandyk.rakhym.kz

Әнші Қуандық Рахым 2020 жылы шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жұбайы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйде баламен отыр. Өнерден алыс. Менің Ақылбек деген досым үйленген кезде, Назерке қыз жолдас болды. Сосын досымнан сұрастырып, телефон нөмірін алдым. Содан бастап сөйлестік. Бәрі досымның тойынан басталды.

Өзім әуел бастан гастрольде бірге жүретін әйел іздемедім. Бұрыннан үйде, ата-анамның қолында, бала тәрбиесімен айналысатын әйел елестеттім. Жұмыс істеймін десе, менің тарапымнан тыйым жоқ. Жанымдағы жарымның өсуіне, өркендеуіне мүмкіндік беремін", - деді Қуандық Рахым.

Сонымен қатар әнші отбасымен Жезқазған қаласында тұратынын айтты.

"Мен Жезқазған қаласында тұрамын. Балам да, келіншегім де сол жақта. Келіншегім ата-анамның жанында. Үш жыл болды", - деді Қуандық Рахым.

Еске сала кетейік, өнер иесі 2020 жылы шаңырақ көтерді.

Ал 2022 жылы Қуандық Рахымның қызы өмірге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054716-balamen-otyr-ansi-quandyq-raxym-aieli-zaily-aitty/

pixel