Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орны ойсырап тұр": Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков
Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды. Әнші өнердегі ағасымен түскен естелік видеоны жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында Ақжол Мейірбековке әсерлі жазба арнап, естелік видеоны жариялады.

Өнер иесі осыдан үш жыл бұрын марқұммен бір тойда көңіл көтерген кездерін еске алып, өкінішін жеткізді.

"Ақжол ағамен үш жыл бұрын ғана осы тойда жақсы әніне билеп, тойды гүрілдетіп өткізген едік. Әттеген -ай, өмірде бәріміз де қонақпыз ғой. Марқұм Ақжол ағаның орны ойсырап тұр, амал қанша, топырағыңыз торқа болсын, отбасыңызға Алла ғұмыр берсін", - деп жазды Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2054759-orny-oisyrap-tur-maqpal-zunisova-marqum-aqzol-meiirbekovty-eske-aldy-video/

pixel